Елімізде “крыша”, “рейдерлік” деген болмауы керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Президент елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
"Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы тиіс. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдауымыз керек. Сондықтан ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесуіміз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақорданың баспасөз қызметі кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайтынын хабарлады.