Мәдениет қызметкерлерінің мерейі өсті

Қостанайда өнер деген өміршең ортаның тамырын басып жүрген мәдениет саласының қызметкерлерінің мерекесі тойланды.
Шырмауы көп өмірдің шиыршығын өнермен байланыстырып  жүрген өнер иелерінің тойын Қостанай жоғарғы деңгейде атап өтті. Облыстық филармонияда танымал әртістер, суретшілер, музыканттар, кітапханашылармен қоса жас талантты, болашағынан үміт күттірер жастар әкім қабылдауында болды.жун
-Қостанай облысының көркемөнер зиялылары өнер саласындағы Елбасымыз айтқан негізгі тапсырмаға лайықты үлес қосып отыр,- деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев марапаттау рәсімінде. – Бұл көп ұлтты Қазақстанымыздың ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту. Жыл сайын осы саланы қаржыландыру өсіп келеді. Ағымдағы жылы мәдениет бюджеті шамамен 5 млрд теңгені құрады. Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша мәдениет нысандарын жөндеуге шамамен 600 миллион теңге бөлінді.
Осы салаға бар ынта-жігерін салып жүрген барлық мәдениет қызметкерлеріне тарту жасалды. Облыс әкімінің, мәдениет министрлігінің, облыстық мәдениет басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйақылар берілді. Аталмыш мерекеге Челябі облысының мәдениет министрлігінің де өкілдері қатысты.
 
Алмас Байдырахман
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓