Шаһаризат продюсермен жұмыс істейтін болды

«Қазақстан даусы» тележобасының жеңімпазы, Қостанай облысының тумасы Шаһаризат Сейдахметовтың «Хабар» телеарнасындағы шоу айтысқа қатысып жатқаны белгілі. Жерлесіміз өнер сүйер қауымды тағы бір жаңалығымен қуантқалы отыр. Жас әнші жуырда жеке продюсермен жұмыс істеуді бастады.V-qhsmG90Kg
Шаһаризат Сейдахметов оқушы кезінде талай аудандық ақындар айтысында жүлде алған болатын. Сондықтан телевизиялық шоу айтыста  республикаға белгілі айтыскер ақын Рүстем Қайыртаймен бірге өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне ие болды. «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көптік етпейді» деген халық мақалы бар емес пе. Жерлесіміздің асабалық қырын бірі білсе, бірі біле бермейді. Шаһаризатты көпшілік құрметтеп той-жиынға шақырып отырады. "Ырымдап келіннің бетін ашып бер" деген ағайынның бетін қайтармайды. Ал, биылдан  бастап жеке продюсермен жұмыс істеуге кірісті. Шаһаризаттың продюсері – шоумен Нұрхан Нығмет есімді азамат. Ол – Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылының тумасы. Шаһаризаттың жақын досы әрі өнердегі жанашыры, ақылшысы. 
-Қазір еліміздегі шоу бизнес саласы қарыштап, жыл сайын даму үстінде. Ізденіп, талаптанбасаң көштен қаласың. Заманға сай, сұранысқа ие әнші болу үшін талант, талғам және қолдау керек. Халықтың қошеметімен бірге тілектес жақындарыңның көп болғаны қандай жақсы. Әншілердің біріне анасы, енді біріне әкесі, ағасы продюсер болып, бірлесе жұмыс істеуде. Мен де осы қағиданы ұстануды жөн көрдім. Нұрхан есімді досыма әрі ақылшыма  сенім білдіріп, бірге еңбек етуге бел будық,-деді Шаһаризат Сейдахмет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓