Аудандағы тұңғыш супермаркет

Әулиекөл ауданында "Азия" супермаркетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.78221378_185106462665401_806078212277796864_nЖаңа сауда орнының иелеріне аудан әкімі Ерлан Теменов ізгі тілегін білдірді. Оның айтуынша, кәсіпкер Дамир Қалиев ғимаратты жөндеуге, жабдықтар мен тауарлар сатып алуға 23 млн теңге жұмсаған. Ерлан Олжабайұлы атап өткендей, мекеме басшылығымен жаңа дүкенде азық-түлік нарықтық бағадан 5-10% төмен бағамен сатылады. Бұл – тұрғындар үшін, оның ішінде, зейнеткерлерге жақсы көмек.77304815_185106522665395_2027783064079302656_nАудан басшысы мен супермаркет директоры қызыл лентаны қиып, қонақтарға шашу шашылып, бауырсақ пен тәттілер үлестірілді.
"Мені жаңа супермаркеттегі бағалар таң қалдырды, – дейді зейнеткер Зәуреш Алпыспаева. – Бұл жерде сауда жасау басқа дүкендерге қарағанда арзан болады. Мен жақын тұрамын, өте ыңғайлы. Супермаркет үзіліссіз  жұмыс істейді екен. Ғимарат өте әдемі, заманауи. Сауда-саттықта табыс тілеймін".
"Біздің ауылда супермаркет ашылғанына өте қуаныштымыз, – дейді аудан орталығының тұрғыны Жеңісгүл Қуанбаева. – Барлығы бір жерде – азық-түлік, тұрмыстық химия, келушілер үшін ыңғайлы, жылы, жайлы. Бағалар әлі салыстырылмаған, бірақ олар төмен деп ойлаймын".77269830_185106585998722_3880678869501476864_n
78236173_185106675998713_911722991736324096_nСупермаркет иелері уәде еткендей, 7 мың теңгеден астам сомаға тауар сатып алған алғашқы жеті тұтынушыға кепілді сыйлықтар табыс етілді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓