Қарапайым азаматтың мәрттігі
Облыс бойынша мәуліт мейрамын алғаш болып Лаврентьевка тұрғындары атап өтті. Діни мейрамды ұйымдастыруға аудандық Әмит ишан мешітінің жүргізушісі Бауыржан Қарабасов мұрындық болды. Бұл имандылыққа бет бұрып, Алланың ақ жолына түскен Бауыржанның көптен бергі арманы екен. Өз отбасы атынан жылқы сойып, жиналғандарға дастархан жайып, аталмыш мерекенің өз деңгейінде аталып өтуіне септігін тигізген игі ісіне аудан жұртшылығы алғыстарын жаудырды.