№13 қылмыскер (2)
Бекболат Құсайынов жүргізуші куәлігінен де үш жылға айырылды. Бұған дейін жазғанымыздай, ағымдағы жылдың 11-ақпанында Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында №13 қоғамдық көлігі зейнеткерді соғып кеткен болатын.
Автобус жүргізушісінің айтуы бойынша, оқиға болған күні ол қоғамдық көлікпен Алтынсарин көшесінің бойымен КСК шағын ауданы бағытында жүріп бара жатып, көктайғақ кесірінен рөлге ие бола алмай, жолдан өтпек болған зейнеткерді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарын зардап шеккен 73 жастағы кейуана Қостанай облыстық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде бес күннен соң жан тапсырды.
Жерлеу рәсімінің алдында Құсайынов зейнеткердің ұлына 500 мың теңгеге қоса қой әкеліп берген. Сонымен бірге жәбірленуші Азат Бекқұлақов моральдық залал мен материалдық зиян келтіргені үшін тағы 500 мың теңге талап ететіндігі жөнінде азаматтық қуыным білдірді.
Сотталушының қорғаушысы сот төрешісінен кінәлі өз кінәсін мойындағаны үшін қала прокурорымен процессуалдық келісімге отыруға уақыт сұрады.
Сот шешімі күні кеше Қостанай қалалық №2 сотында шығарылды. Төраға жәбірленуші жақтың жарты миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу жайлы талабын қанағаттандырды.
Үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Алмас Байдрахманов