Күдіктіні Кира ұстап берді

Қостанайлық полицей-кинолог Сәдібек Сейдахметов өзінің Кира атты қызметтік-іздеу итінің көмегімен "Скутер" көлігін ұрлаған күдіктіні ұстады.Костанайский полицейский-кинолог Садибек СЕЙДАХМЕТОВ со своей служебно-розыскной собакой Кирой задержал подозреваемого в краже скутера
23 мамыр күні Затобол кентінде белгісіз біреу жергілікті кооператив гараждарының біріне есігін сындырып кіріп, скутерді ұрлап кеткен. Көлік иесі сол күні-ақ тәртіп сақшыларына жүгініпті. Оқиға орнына жедел іздестіру тобымен Сәдібек те иісшіл итін ертіп барған.
-Оқиға орнын тексеру барысында гараж ішінен аяқ киім таңбасы ұшырасып, менің Кира есімді сенімді серігім із соңына түсті. Ит гараж кооперативінен 250 метр жердегі үйге алып келді,-дейді Сәдібек Сейілбекұлы.
Одан әрі Кира полицейлерді сол үйдің артындағы құрылысқа алып барып, жапырақтармен жасырылған ұрланған скутердің үстінен түсірген. Кейін тәртіп сақшылары темір тұлпардағы саусақ іздері арқылы Қостанай тұрғынының қылмысқа қатысы барын анықтай алды.
Кинологтың сөзінше, Кира жыл басынан бері оннан астам қылмыстың бетін ашуға көмектескен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓