Сыңғырла, соңғы қоңырау

Жангелдин ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде 2015-2016 оқу жылының соңғы қоңырау мерекесі салтанатты түрде өтті.В@l - Ожан
Жиынға сай етіп безендірілген мектеп алдында ұстаз, мектеп жайлы әндер үздіксіз шырқалып тұрды. Мектеп бітіруші 21 түлекті шығарып салуға ата-аналары, мұғалімдер, 1-10 сынып оқушылары және арнайы шақырумен келген қонақтар қатысты.
Дәстүр бойынша, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мектеп директоры Жанат Темірова білдірме жасап, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың жеткен жетістіктерін баяндады. Сондай-ақ, “Қазақстанның үміт артарлары” атты респуликалық кітапқа есімі енген оқушыларға аталмыш кітапты сыйға тартты. Ал білім саласына зор үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектері үшін мектеп мұғалімдеріне аудан әкімінің және білім беру бөлімінің грамоталарын табыс етті.
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов, аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Кәдірментаев мектеп бітіруші түлектерге жылы лебіздерін арнады. Ата-аналар ұстаздарға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.фото шоқан
Айта кеткен жөн, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте мерекелік іс-шара үнемі өтіп отырады. Оқушылардың сабақ үлгіріміде өте жақсы. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға атсалысып, белсенділіктерімен ерекшеленді. Ондағы мұғалімдер әрбір өткізген іс-шараның маңыздылығына жете көңіл бөле біледі. Жақында “Ертеңгі болашақ – бүгінгі жас ұрпақ” атты дарынды, үздік оқушылардың құрметіне екінші рет слет өткізіп, олардың ата-аналарын марапаттады. Спорт, өнер саласы мен пәндік олимпиада жеңімпаздарына ілтипат көрсетті. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасын тауып отырады деп мектеп директоры сенім білдірді.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жангелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓