Пошталық жөнелтулер тіркеледі

Қостанай облыстық сотында "ШПИ қолдану арқылы корреспонденцияларды жолдау, 103, 109 нысандарды жасау бойынша өзекті сұрақтарды талқылау" деген тақырыпта "дөңгелек үстел" мәжілісі өтті.
Пошталық жөнелтулерІс-шарада айтылғандай, енді сот органдарының барлық пошталық жөнелтулері "Қазпошта" АҚ қызметкерлерімен тіркеуге алынатын болады. Әр пошталық жөнелтілуге осы фактіні дәлелдейтін ШПИ нөмірі беріледі. Негіз болған кезден бастап арнайы мәртебенің қалыптасуы және Қазақстан Республикасы сот органдарының бірың-ғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне (ҚР СО БААТЖ) автоматты түрде енуі қарастырылып отыр. Сондай-ақ сот кеңсесінің қызметкері жұмыс орнында отырып жолданған хаттың мәртебесін тексере алады.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓