Тегін тексерістен өткізеді
2, 3 және 4 маусым күндері Қарабалық ауданындағы Тоғұзақ стансасында "Саламатты Қазақстан" емдік-диагностикалық пойызының дәрігерлері жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсетпек. Қабылдау және заманауи медициналық құрылғымен диагностика жасау жеке куәлігін көрсеткен кез келген адамға тегін.
Мұндай сыйлықты облыс тұрғындарына Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында "Қазақстан Темір жолы ҰК" АҚ тарту етіп отыр. Қабылдауды мынадай дәрігерлер жүргізеді: отоларинголог, офтальмолог, рентгенолог, невропатолог, акушер-гинеколог, терапевт, кардиолог, оташы, педиатр, эндоскопист, сондай-ақ лаборант және УДЗ дәрігері. Халықты қабылдау жұмыс күні бойы жүргізіледі.