Жат мүлкі “игілікке” жарамады

Қарабалық ауданына қарасты Наука елді мекенінде бір отбасының бірнеше айға Германияға кеткенін пайдаланып, отыз жастағы жергілікті екі азамат үйге ұрлыққа түскен. Пластикалық терезені майырып ашып, ішке түскен олар қолдарына іліккен дүниенің бәрін алып кеткен. Сапардан оралған үй иелері екі бейнекамера, төрт сервиз, асүй комбайны, газ қазандығы, компьютер, қысқа толқынды пеш, серуеншатыр, самауыр және тіпті металл бакқа дейін қолды болғанын көреді. Дереу полицияға шағым түсіреді.Квартирный вор
Ұрылардың осыншама дүниені білдірмей бір қатынауда-ақ алып кеткендері таңданыс тудырды. Ең қызығы, тәртіп сақшылары мүліктердің бәрін қылмыскерлердің үйінен тапты. Ешқайсысын сатпаған, бар болғаны өздерінің басыбайлы дүниелеріндей етіп тұтынып отырыпты.
Расымен де ешкім таба алмайды деп үміттенгендері ме? 
Енді жігіттердің кесілер жазаның қатаң болмауына үміттенулеріне тура келеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓