Арқалықта «Салауатты ұлт» велошеруі өтті

Арқалықта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай велошеру өткізілді. Ұйымдастырушысы – Арқалық қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы».IMG-20160523-WA0000
Шараға қаланың оқу орындарынан бас-аяғы 200-ге тарта велошабандоз қатысты. Шеру сөресі "Жол полициясы", "Жедел жәрдем" қызметтерінің көмегімен қаланың Әуелбеков, Абай, Ш.Жәнібек көшелерінің бойымен жалғасып, орталық "Наурыз" алаңындағы мәремен аяқталды.
– Шараның мақсаты – тәуелсіздігімізді насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден аулақ болу, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершіліктерін сезіндіру. Мақсатты іс-шарамыз толығымен өз деңгейінде өтіп, жастарға өте тамаша көңіл-күй сыйлады, – дейді орталық директоры Дархан Жоламанұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓