Облыстық білім басқармасында – жаңа басшы

Қостанай облысының білім басқармасының басшысы болып Бәтима Даумова тағайындалды. 
Ол 1960 жылы 14 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасыты Миялы ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай педагогикалық институтын "математика пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы Әулиекөл ауданының Сұлукөл орта мектебінде мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, сондай-ақ математика пәнінің мұғалімі болып бастады.
1986-1987 ж.ж. Арқалық медициналық училищесінде комитет хатшысы;
1987-1988 ж.ж. Әулиекөл ауданының Чернигов орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі;
1988-1997 жылы мектеп директоры болып қызмет атқарды.
1997-1998 жылдары жетекші маман, 1998-2000 жылдары бас маман, 2000-2001 жылдары басшының орынбасары, 2002-2008 жылдары Әулиекөл ауданы білім бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 
2008-2011 жылдары аралығында Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында болды. 
2011 жылдың қазан айынан бастап Қостанай облысының білім саласын қадағалау жөніндегі Департамент директоры қызметін атқарып келді.
Білім Министрлігінің мадақтамасымен (1995), "ҚР білім беру ісінің озаты" (1997), "Ерен еңбегі үшін" (1984), "Шапағат" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008) медальдарымен, "Ы.Алтынсарин" (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) төсбелгілерімен марапатталған.  
2011 жылы "Педагогика ғылымдарының кандидаты" ғылыми дәрежесіне ие болды (Ресей Федерациясы).
Жалпы, білім басқармасы 2015 жылдың күзінен бері басшысыз жұмыс істеп келді. Осы аралықта басшының міндетін атқарушы болып Камиль Ибрагимов қызмет етті. Жаңа тағайындауға дейін басқарма басшысы лауазымында Әлия Төртқараева болған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓