Нан тағы қымбаттады
Қостанайда бірінші сұрыпты нан бағасы тағы қымбаттады. Енді дүкен сөрелерінен "әлеуметтік нанды" 70 теңгеден сатып аласыз. Мамандар мұның себебін басты тағамның құнын реттеп отыруға бағытталатын субсидияның шектетілуімен түсіндіреді. Сондай-ақ, наубайшылар да бұрынғы баға нанды әзірлеуге кететін шығынды өтей алмайтынын, тығырықтан шығатын жалғыз жол осы екенін айтып отыр.
Таяуда ауылшаруашылығы басқармасында диірменшілер мен наубайшылардың басын қосқан кеңесу отырысы өткен болатын. Ортақ ымыра бойынша, бөлшек саудадағы нан бағасы 3-4 теңгеден аспайтын болады. Демек, бірінші сұрыпты нан құны 65 теңгеден сатылады делінді.
Дей тұрғанмен бұл келісім қанша уақытқа созылатыны беймәлім. Ал, жиында төбе көрсеткен антимонопольдік ведомствоның өкілдері жиылғандарға бағаның негізсіз өсуі жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Дей тұрғанмен бұл келісім қанша уақытқа созылатыны беймәлім. Ал, жиында төбе көрсеткен антимонопольдік ведомствоның өкілдері жиылғандарға бағаның негізсіз өсуі жауапкершілікке әкелетінін ескертті.