ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатыла бастайды

10 шілдеде ЕХРО-2017 көрмесіне билеттер сатыла бастайды. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ төрағасы Ахметжан Есімов қоғамдық кеңес отырысында  айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Халықаралық билет сату науқанының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бірден ескертетін жайт – бұл кассалар арқылы емес, онлайындық жүйеде іске асады. Кассадан сату шамамен тамыз айларынды мүмкін болмақ",-дейді А.Есімов. Ол өз сөзінде Қазақстан халықаралық көрме бюроларымен ең төменгі бағалармен ымыраласуға қол жеткізе алғандығын, сол арқылы кез келген қазақстандық бұл шараға белсенді қатысуға және шетелдіктерді тартуға жол ашылғанын атап өтті. Әйткенмен, төраға билет құнын нақтылап айтқан жоқ. "Бағаның қанша болатынын біз таяуда тағайындаған оператор шешеді. Бар айтарым, жобамен, кинотеатр билетінің құнынан сәл-пәл қымбаттау болады,-деп тұспалдады ол. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін 84 ел мен 14 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын қуаттағанын еске салып өтті. Мұның сыртында, төрағаның мәлімдеуіне қарағанда, халықаралық көрме бюросымен бекітілген тіркеу ақпарына, негізгі бағдарламалық құжаттарға сәйкес, 147 млн. еуро демеушілік қаражат тарту жоспарланып отыр.
"Қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік компаниялардан 100 млн. еуро құйылды. Мұның сыртында 244 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл ЕХРО нысандарының құрылысына, бәрінен бұрын ЕХРО аумағындағы нысандар құрылысына жұмсалады. Яғни қатысушыларға арналған тұрғынжайлар тұрғызылады. Көрмеден соң бұларды елорда тұрғындарының игілігіне жарату қарастырылмақ",- деп түйді А.Есімов.
   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓