Көрсеткіш көңіл көншітпейді
Ел бойынша бос жұмыс орындарының азаюы бірқатар салада байқалады, дейді energyprom.kz. Мәселен, өнеркәсіп пен денсаулық сақтау секторында мамандарға сұраныс екі есеге, әкімшілік қызмет көрсету саласында төрт есеге дейін төмендеген.
Ірі және орташа компаниялардан, былтырғымен салыстырғанда, жыл басынан бері 2,91 млн. адамға дейін қысқарған. Қысқартудың елеулі бөлігі өнеркәсіптік секторға тиесілі. 14 мың жұмысшы нәпақасынан қағылған. Сондай-ақ, әкімшілік, қосалқы қызмет көрсету және құрылыс салалары да тізім басында. Жалпы есебін айтқанда, 13 мыңнан астам адам жұмысынан шығарылған.
Мамандар қызметшілерге сұраныстың елеулі түрде төмендеуі осымен екінші жыл байқалып отырғанын айтады.Былтыр штаттың қысқаруы 2014 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға барған.
Осы жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысы көрсеткен ең қомақты орта айлық есептік көрсеткіш кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге тиесілі болды (298 мың теңге, бұл жылдық өсімнің ең үлкен қарқын). Бұлардың қатарында ақпарат және байланыс саласы да бар (193,8 мың теңге, бұған тағы 9,6 пайыз қосылады). Өнеркәсіп үздік үштікті қорытындылайды (181,9 мың теңге және 11,6 пайыз үстеме).
Ал, керісінше, ең төменгі орта айлық көрсеткіш ауылшаруашылық секторының үлесі болып шықты. Осы жылдың алғашқы тоқсанындағы 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғандағы көлемі, бар болғаны, 3,8 мың теңгеге өскен, яғни 14,1 мың теңге.
Жалпы,тұтас елде орта айлық еңбекақы соңғы екі жыл ішінде 11,9 пайызға өскен.