Қысқы маусымға әзірлік

Қостанайда қысқы маусымға әзірлік жұмыстары басталып та кетті. Биыл жерасты құбырларының 16 шақырымына жөндеу жасалады. Қостанай қаласында 3 үлкен су таратқыш бар. Олар: Индустриалды, Байтұрсынов және Московский құбырлары. Негізі, Байтұрсынов көшесіндегі құбырларды жөндеу жұмыстары былтыр аяқталды. Сол жылы-ақ Московский су таратқышы ретке келтіріле бастаған болатын.IMG_8343
– Көптің көкейінде жүрген күрделі түйткілдің бірі – ауыз су мәселесі. Бұқараның басты проблемасына, билік басындағылардың бас ауруына айналған бұл істің  биыл оң шешімі табылады. Жылу жүргізу жұмыстары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында қолдау тауып отыр, – деді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» облыстық филиалының директоры Бірәлі Мырзабеков.IMG_8349
Оның айтуынша, қаланың негізгі деген бірнеше көшелерінің құбыры жаңарады. Ал, құбыр жүргізуші компаниялардың жұмыстары күн сайын қадағалануда. Айта кетейік, шамамен 16 шақырымды қамтитын су желісіне жөндеуге өткен жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді. 
 
Қасқырбай Қойшыманов.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓