Рудныйлық қыздар топ жарды

Қостанайда 2004-2005 жылы туған қыздар арасында волейболдан өткен облыстық чемпионатта рудныйлық команда үздік деп танылды. Жарысқа Қостанайдың қос командасы, Лисаков қаласы мен Денисов ауданынан келген спортшылар қатысқан болатын.IMG_3574
– Бұл турнирге облыстық барлық аудандарынан командалар шақыртылды. Бірақ көбі қаржылық қиындықтарды желеу етіп, жарысқа келген жоқ. Рудныйлық жасөспірімдер финалда «Қостанай-1» командасымен жолығып, 3:1 есебімен жеңіп шықты. Шынымды айтсам, оларды топ жарады деп ойламадым. Қыздардың ойына тәнтімін, – дейді волейболдан облыстық аға жаттықтырушысы Владимир Рейх.
Турнир қорытындысы бойынша, 1-орынға Рудный, 2 және 3 орындарға қостанайлық командалар жайғасты. Сондай-ақ, Сабина Әбдірахманова («Қостанай-2»), Валерия Карачурина («Қостанай-1»), Полина Ахролова және Ирина Сутягиналар (Рудный) "Үздік ойыншы" атағына лайық деп танылды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓