Жерлесіміз – Қазақстан жеңімпазы!

Жақында Шымкент қаласында 1993-97 жылдар аралығында туған 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен ҚР чемпионатында біздің жерлесіміз Думан Бөлтіріков жеңімпаз атанды.IMG_5271
Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық спортшы өз салмақтары бойынша үздік атануға бел байлады. Ал, 97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен сарыкөлдік спортшы кіл мықты 25 палуанның ішінде бірінші орынды бағындырды.
-Жарыстың аты – жарыс. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Думан еңбек пен күш-жігердің арқасында жеңіске жетті. Ол ақтық сында осыған дейін өзін екі рет жеңіп кеткен Азия ойындарының екінші орын иегеріне жолығып, оны таза  жеңді, -дейді жаттықтырушысы Сәндібек Сәрсенов. 
Айта кеткен жөн, бұған дейін де бірнеше рет Қазақстан кубогі үшін өткен жарыстардың жеңімпазы атанған біздің Думан енді бір айдан соң Польша қаласында болатын Халықаралық жарысқа қатыспақ. Егер онда да  жақсы өнер көрсетіп жатса, Рио қаласында жалауын желбірететін жазғы олимпиадаға лицензия алады.
Олай болса, жерлесімізге ақ жол тілейміз!
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓