Веложарыс
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы аясында Қостанай қаласында веложарыс өтті. Аталған іс-шара Тобыл өңірінде жасақталған 151-ші атқыштар бригадасының құрметіне арналды.
Веложарыс патриоттық рухта басталды. Спортшылар Жеңіс саябағына жиналып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Батыр бабаларға тағзым етушілірдің арасында ҰОС-ның ардагерлері де бар. Соғыс ардагері М.Подоляков 151-ші атқыштар бригадасының ерлік істерін айтып берді. Жас ұрпақ ел үшін туған ерлерден үлгі алса деген тілегін де жеткізді. Аға буынның ойлы әңгімесінен соң велошабандоздар жарыс жолына шықты. Аталмыш сайысқа қаламыздағы «Жүйрік» спорт клубының, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары және мемлекеттік мекемелердің жастары қатысты. Барлығы 140 велошабандоз. Жарыс қорытындысында қалалық балалар шығармашалығы мектебінде митинг ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды соғыс ардагерлері марапаттады. Веложарысты қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі мен мәдениет бөлімінің бірлесе ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

Қымбат ДОСЖАНОВА