“Тобыл” – “Қайрат: 1-2 (БЕЙНЕБАЯН)
"Тобыл" Орталық алаңдағы алғашқы ойынын жеңіліспен бастады. Азулы алматылық "Қайрат" командасына жол берді. Бірінші минуттарда белсенді шабуылдап, пенальтиден есеп ашқан қостанайлықтар басымдылықты ұстап тұра алмады. Томаш Шимковичтың голынан кейін іле Жерар Гоу жауапсыз қорғаушыларды жазалап үлгерді. Қос команда бар-жоғы екі минут ішінде бір-бір голдан соқты.
Ойынның екінші бөлігінде қарсыластың белді ойыншысы Бауыржан Исламханан пас алған Гоу тағы да қақпаны дәл көздеп, "Қайратты" алға шығарды. Есеп 1:2. Жергілікті футболшыларды жанкүйерлер қанша қолдаса да, "Тобыл" түк бітіре алмады.