Үш күнде 18 өрт
by
Qostanaı tańy
·
16.06.2015
Төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, үш тәуліктің ішінде 18 оқиға тіркелді. Атап айтар болсақ, Рудный қаласындағы қаңыраған ғимараттың қабырғалары жанған. Ал, Қостанайда кинотеатрдың қосымша ғимараты, Қамысты ауданында – қора, Федоровта – автокөлік, Қостанай ауданында – трактор, Әулиекөл ауданында тұрғын үй отқа оранған. Абырой болғанда, барлық оқиғаларда да тұрғындар зардап шеккен жоқ.