Сапалы сервис рудныйға жетті

Көлік жүргізушілердің сенімінен шыққан BOSCH-тың сапалы сервисі кеншілер қаласына да жетті. Жуырда Рудныйлық «Горняк» стадионының жанынан заман талабына сай «BOSCH» көлік сервисінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұрын бұл жерде қарапайым ғана көлік жөндеу орталығы мен шағын магазин жұмыс істейтін. Алайда кәсіпке көңілі толмаған ағайынды жігіттер Владимир мен Сергей Каращук өз ісін қайта жандандыру үшін алдымен ғимаратты бастан аяқ жөндеп шығады. Кейін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға келгенде Моноқалаларды дамыту бағадрламасының көмегіне жүгінеді.
CAM00328 (2)– Барлық қаржыны бағдарлама аясында «Даму» қоры бөліп отыр. Яғни біз алған 8,4 млн теңгенің 2,5 миллионы қайтарымсыз грант болса, 5,9 миллионына 6 пайыздық несие арқылы қол жеткіздік. Мемлекеттік кәсіпкерлерге жасап отырған қамқорлығына дән ризамыз, – дейді олар.
Компания жұмысшылары өз біліктілігін арттыру үшін Алматыда арнайы оқып келген. Енді олар соңғы үлгідегі стендтер мен 3D форматтағы диагностикалық құралдар арқылы кез келген көліктің ақауын дөп басып, қысқа мерзімде жөндей алады.
BOSCH компаниясы көлік пен өнеркәсіптік технологиялар саласындағы әлемдік бренд саналады. Оның 130-ға жуық елде 15 мыңдай өкілдігі жұмыс істейді. Меншік иесі Мергей Каращуктың сөзіне қарағанда, Рудныйдағыдай көлікке қызмет көрсету орталығы Қазақстан бойынша 9 ғана, ал облыс бойынша жалғыз. Сондықтан шаһар үшін маңызы зор нысанның ашылуында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов пен мәслихат хатшысы Валерий Лощинин де болды. Олар 30 мыңнан астам көлігі бар Рудныйда немістің озық технологияларымен қызмет көрсететін орталыққа деген сұраныс әрдайым жоғары болатынын атап өтті.
 
Қуаныш Сейдоллаұлы

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓