Жоспарлар жүйелі, жобалар жемісті

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды. Өңір басшысы бірқатар нысанды аралап, ауданда аз уақытта атқарылған жұмыстармен және алға қойылған жоспарлармен танысты. Облыс әкімі алдымен Новонежин ауылында жаңадан іске қосылған су құбырының жұмысымен танысты. Бұл жобаның жалпы құны – 937,8 млн теңге. Қазіргі таңда ауылдағы 20 көшенің барлығына су берілген. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, жалпы алғанда, Әулиекөл ауданында 21 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Өңір басшысы тұрғындардың жаңа қондырғыға қатысты пікірін білмекке Жданов көшесіндегі үйлердің біріне соғып,  таза ауыз су беру желісінің жұмыс сапасын тексеріәп көрді.Бұдан соң А.Мұхамбетов Аманқарағай ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуына қатысты.  Биыл өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында "NAK Development" ЖШС өз қаражаты есебінен осы пунктті медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып салғанын айта кету керек. Мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдауға қауқарлы.  Ғимараттың жалпы ауданы – 310 ш. м. Жобаның құны – 150 млн. теңге. Құрылысы 2 ай ішінде салынып біткен. Облыс әкімі «NAK Development»  ЖШС басшылығы мен қызметкерлеріне жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдірді.Аймақ басшысы арнайы барған келесі нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Ол мұнда жаңадан салынып жатқан кешеннің құрылыс барысын тексерді. Ғимараттың жалпы ауданы – 1601,4 ш.м. Бір мезетте 120 адамды қабылдай алады. Жобаның жалпы құны – 480,8 млн теңге. Құрылыс нысанын 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.Бұдан кейін Әулиекөл селосына қарасты «Бірлік»  шағын ауданына барған облыс әкімі аталған елді мекенде балабақша құрылысын бастауға рұқсат берді. Жоба құжатына сәйкес, білім ошағының жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Нысан 280 орынға шақталған. Құрылысқа «Халық» қайырымдылық қоры есебінен 1,3 млрд теңге бөлінгенін айта кеткен жөн. Балабақша сабақтар мен ойындар өткізуді қамтамасыз ететін заманауи жиһаздармен және құрылғылармен жабдықталатын болады. Сондай-ақ, балабақшада музыка және спорт залы, әдістемелік және медициналық кабинеттер болады. Бұл нысанды 2023 жылы күзде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓