Ерлікке тағзым

Он жылға жуық созылып, талай боздақтың өмірін қиып, айрандай ұйыған шаңыраққа қайғы-қасірет әкелген ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толды.
Осыған орай аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің ұжымы 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арнап, ауған соғысының ардегерлеріне мерекелік дастархан жайып, ізгілікті ілтипатпен құрмет көрсетті.Ауған соғысының ардагерелері
-Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, бір дастархан басында отыру – біз үшін бір ғанибет. Біз сіздерді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгері ретінде жоғары бағалаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға баянды бақыт тілейміз,- деді қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы, майор Қайрат Төлебаев.
Жат жерде әскери борышын өтеп, антқа адалдық танытқан ауған ардагерлері аталмыш бөлімнің ұжымына шексіз ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін жолдады.
Ауған соғысының ардагерлеріне бөлім басшысы естелік сыйлықтар табыстап, қыздар ұжымы мерекелік ән – шашуларын жолдады.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓