Қапыда қақпанға түсті
Рудный қаласында көлік тонаушылар қолға түсті. Жергілікті тәртіп сақшылары кездейсоқ көлікті тоқтатып, тексеру барысында жүксалғышынан 8 аккумулятор және сөмкеге нығыздалған бейнетіркеу аспаптарын, антирадар мен навигаторларды тәркіледі.
Ұрылар таңғы сағат 4 шамасында «Лифан» маркалы көлігімен Топорков-Корчагин көшелерінің қиылысында құрыққа ілінді. 20 және 23 жастағы азаматтардың қала тұрғыны, осыған дейін он шақты қылмысқа барғандары анықталды.