Ыбырайдың жүріп өткен жолымен

Биыл қазақ баласын «Кел балалар, оқылық!» деп, сауат ашуға шақырған ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсаринның туғанына 175 жыл. Мерейлі датаға орай ғалымның атындағы облыстық мемориалдық мұражай «Даланың дара ұстазы» атты жобаны қолға алып отыр. Оның аясында ұлы ағартушының естелік орындарына экскурсия жасау жоспарланған. Қостанай қаласында 27-сәуір күні бастауын алған экскурсия Рудный қаласындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде жалғасты. Q_ZIDngwRBwШараға Ыбырайтанушы ғалымдар, Қостанай мен кеншілер қаласының оқушы жастары қатысты. Алдымен қонақтар білім ордасының мұражайын аралады. Кейін мәжіліс залындағы кездесуге қатысты. Оқу орнының алдындағы Ыбырай Алтынсаринның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қостанайлық мұражайдың бөлім басшысы Балдырған Айғожинаның айтуынша жобаның басты мақсаты Ұлы ағартушының еңбектерін жастар арасында кеңінен насихаттау. Оның өмірімен таныстырып, рухына тағзым ету.GMnhet6EwxE
 
PE2nYXmhqto
FokVe13GLmkАйта кетерлігі, келесі экскурсия тамыз айында ағартушының ата қонысы саналатын Алтынсарин ауданы, Щербаков ауылында өтеді. Одан кейін делегация Алтынсарин кесенесі мен Инспектор көліне сапар шегіп, Аманкелді, Жанкелді, Торғай, Арқалық жеріндегі ауқымды іс-шараларға қатысатын болады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓