Қостанай облысы тұрғындарының назарына!

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылдың 10 мамырынан бастап Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың блогындағы жүгінулерді қабылдау «электронды қабылдау» веб-порталындағы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының ресми  blogs.egov.kz блог-тұғырнамасында жүргізілетін болады.
Электронды үкіметтің веб-порталына тіркелу үшін тұтынушылар ұялы байланыс телефон нөмірін енгізуі тиіс, ол бір рет енгізу (тіркеу барысында) электронды-сандық қолтаңбамен куәләндырылады.
Электронды-сандық қолтаңбаны «электронды үкімет» порталынан өз еркіңізбен аласыз немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында 5-10 минуттың ішінде алуыңызға болады (өзіңізбен жеке басты куәләндыру құжаты мен электронды ақпарат сақтау құралы болуы тиіс). 
Тіркеу және сервисті қолдануға қатысты сұрақтарды мемлекеттік органдардың бірегей байланыс орталығы телефоны 1414 немесе 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓