Оқу-әдістемелік жиынына қатысты
Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінде өткен Ұлттық Гвардияның оқу-әдістемелік жиынына қатысты, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.
Шара аясында Ұлттық Гвардия әскери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-жауынгерлік жұмыс қорытындыланып, алдағы уақытқа айқын міндеттер қойылды.
Жиында Қ. Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде Ұлттық Гвардияның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қызметті жақсарту мақсатында бірқатар міндеттер жүктеді.
Жауынгерлер қажетті жерге әскери күшті жіберу, парашюттық-десанттық топ пен жауынгерлік барлау тобының әрекеттері көрсетілді.
Жиын соңында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы «Орталық» әскери аймақтық басқару бөлімінің жеке құрамының дайындығына оң бағасын берді.
Мешіт Ғазиз