Бірлік күніндегі бәсеке
Қазақстан халқының Бірлігі күні аудандық «Батыр» стадионында футболдан жарыс өтті.
Жыл сайын дәстүрге айналған спорт бәсекесіне аудандық әкімдік, колледж, АІІБ және ӨСБ ұжымдары қатысты. Олар өзара бақ сынасып, мықтыларды анықтады.
Ойын тартысқа толы өтті. Әр команда тәжірибелерін әріден көрсетіп, бір-бірінен оп-оңай ұтылып қалмауға тырысты.
Нәтижесінде, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев бастаған әкімдік құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды колледж бағындырса, ал үштікті АІІБ командасы қорытындылады.
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.