«Жұлдыздар тоғысқанда» көркемфильмінің премьерасы өтті

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Елбасы жолы» киноэпопеясы – «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. image_lМаңызды іс-шараға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты. Кинотуындының Қостанайдағы көрсетіліміне Д.Қонаевтың рөлін сомдаған қазақстандық актер Алдабек Шалбаев пен Ш.Айманов атындағы киностудияның өкілі Бекболат Шекеров арнайы келген болатын.
Бұл фильмде Кеңес Одағының құлауы және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылу тарихы баяндалады. Кинотуындыға 1984-1991 жылдар аралығындағы оқиғалар арқау болған. Кинотуындыны көру арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды дүниежүзіне таныту жолында атқарған қызметімен, жүріп өткен жолымен таныс боласыз.
«Жұлдыздар тоғысқанда» кинокартинасының сценарийін Ресейдің Халық әртісі Сергей Снежкин Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың шығармаларын негізге ала отырып жазған. Жұмыс барысында Елбасының жеке естеліктері де молынан пайдаланылған. Кинолентаның негізгі бөлігі Алматы және Алматы облысында, қалғаны Астана, Қарағанды, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында түсірілген. Картинаны жасау жұмысына жалпы саны 10 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 70-тен астам нысан пайдаланылған. Соның ішінде Ресейдегі Кремль, Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайы, Санкт-Петербург қаласындағы «RWS» киностудиясы бар.
Түсірілімге Қазақстан мен Ресей киноматографистерінен құралған тәжірибелі халықаралық топ жұмылдырылды. Басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдады.
3 сағат 10 минуттық көркем фильмді қостанайлық көрермендер кірпік қақпастан тапжылмай отырып көрді. Кинолентаның алғашқы премьерасы 27 сәуірде Алматы қаласында өткен болатын. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев арнайы барып, қатысты. Келесі күні, 28 сәуірден бастап көркем фильм жалпыұлттық прокатқа шықты.
-Д.Қонаевтың рөлін сомдауға он адам ұсынылды. Кастингтың қорытындысында таңдау маған түсті. Аса білімді, ғұлама тұлғаның мінезін, ақылдылығын көрерменге дәл жеткізу қиын. Ол кісінің барлық қасиетін 15%-ға бейнелеп бере алсам мен үшін үлкен қуаныш. Тарихи тұлғаларды сомдауды кез келген актер армандайды. Д.Қонаев сияқты ел азаматтарының рөлін ойнап шығу маған бұйырған бақ шығар,-деді актер Алдабек Шалбаев.
 
Қымбат Досжанова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓