Шөптібай БАЙДІЛДИН Жер бедері тартқан сыр
(Соңы. Басы өткен сандарда).
"Әулиетұз". Құмкешуден ба-тысқа қарай 18 шақырым жер-дегі шағын тұзды көл. Тұзы та-тымды, қара балшығы ем, жие-гіндегі бұлағы тұщы емдік қасие-ті бар жер. Кезінде емдік профи-лактория салу жоспарланған.
"Оннан". Жыланшықтың арғы бетіндегі жер атауы. Жау-дан қашқан елдің ошағында асығыста он бөлек нан қалып қойған. Осы жер оннан аталады.
Жыланшық бойындағы ерек-ше жердің бірі "Көшек", Көшек "Ожан" руынан шыққан би бол-ған. Осы жерде Жыланшықтың солтүстік беті биік тік жар бо-лып келеді.
1920 жылдар осы жерден үлкен аңның басы табылған. 1980 жылдары мамонттың алып тісі табылды. Ол кәзір Арқалықтағы "Дала өлкесі" мұражайында.
Үрпектен бес шақырым "Ағаштыкөл" маңынан биіктігі метрден артық аңның жауыры-ны табылған. Ол қазір Үрпекте сақталуда.
Торғай өзені бойында "Қара сиыр" деген өткел бар. Осы жерде қазақпен қалмақ арасында соғыс болған.
Жыланшық бойындағы тари-хи орындардың бірі "Тобақабыл" атты жер. Тобақабыл елге сыйлы би болған адам. Кенесары ханның баласы Сыздық сұлтан елге келіп Тобақабылдың үйіне түседі. Сұлтанға сәлем бере елдің игі жақсылары келіп, әртүрлі сұ-рақтар береді. Сыздық шешіліп жауап бермейді. Сонда Тоба-қабыл: "Сұлтаным, не көрдің?, не естідің?, не білдің?"деген екен. Сұлтан жадырап әңгіме тиегін ағытқан. Сол кезеңнен осы жер ерекше халық жадында сақталған.
Аққұм, Айырқұм арасында Баймағанбеттің қара жары деген жер бар. Суы мол, шөбі шүйгін алқапты қара руы мекендеген. Баймағанбет батыл, батыр адам болған. Бүгінгі Қойшығара Салға-раның атасы. "Жеті қыз" атты шағын қара су бар. Суға шомыл-ған жеті қыздың бірі суға батады. Бірін бірі құтқарамын деп бәрі де суға кеткен.
Бес апан мықы. Жер аты. Қа-бырғадан оңтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде. Атты казак – сарбаздардан қорыққан жұрт жан-жаққа үдере көшеді. Осын-дай көштің бірі қашып құтыла алмасын білгенсоң бала-шаға, кемпір-шалды алға оздырып жі-беріп өздері керегенің басын қо-сып қос тігіп, мал сойып келе жатқан орыс солдаттарын күте-ді. Көп ұзамай олар да келеді. Ауыл ақсақалы алдынан шығып "көшіп бара жатыр едік, сіздер келе жатыр деген соң әдейі тоқтап қонағасы дайындадық, түсіңіздер", дейді. Қару-жарақ-сыз тұрған момын қазақтан қаймықпай бөлініп-бөлініп қос-қа түседі. Ет желініп бола бер-генде ел ағасы "Әй, жігіттер! сорпа әкеліңдер" деп айғайлайды. Сол кезде қызметте жүрген жі-гіттер керегенің етегінен тартып-тартып керегені құлатып, үстінен басып, астындағы елге қорлық көрсетіп, тонап, зорлап келе жат-қандарды қолға түскен құралмен ұрып, шаншып өлтіреді. Сүйегін, қаруын сол маңдағы бес апан құдыққа көміп, өздері көш соңынан кетеді. Содан осы жер "Бес апан мықы" атанған.
Торғайдың Ақшығанақ ауы-лында "Жарқымбай" қыстауы деген жерде қорымның іргесіне кітап көмілген. Осындай кітап Түйемойнақтағы қорымда, Дүз-бай қажы мешіті қорғаны ішінде көмілген.
"Тосын" құмы. Шақшақ Жә-нібектің туған, өскен жері. "То-сын" сөзі қалмақша деген болжам бар.
"Қособа" ескі қыстаудың ор-ны. Осы жерде Түркістандағы көк кірпіштерге ұқсас кірпіш сынығы көп болған. Ерекше кесене болуы мүмкін.
Құлдың белгісі. Ақшығанақ ауылы көлемінде биіктігі 10 метрдей жылқы қылын қосып құйған сұпы, құйма там. Жылқы сүтін қосып илеген деп айтады білетіндер. Осындай там Сары Қошқар батыр баласы Аяпберген биге салынған.
"Қатын тамы" киіз үй пішінді салынған. Бұл да Ақшығанақта.
"Сарыоба" деген жерде Мақат тамына ұқсас масақана тамы бар.
"Байқуат" деген жерде қыстау бар. Марал ишанның немересі Айкүмістің қыстауы. Елсіз жер. Осы жерге қыста ат шаналар ке-ліп, адамдар кіріп шығып жатқа-нын сырттағы ағайындар көрген. Осындай қасиет "Тармақ" деген жерде де кездескен. Қыста адамы жоқ ескі қыстау іргесіне адам-ның жалаң аяқ іздері түскен. Осындай ғажайып көріністер Ұлы Жыланшық бойында көп кездеседі.
Тосын құмының асты теңіз. Оның игілігін ел көре алмай отыр. Сол суды пайдаланып атом элек-трстанциясын салу кеңес дәуірін-де жоспарланған. Торғайдың алпыс екі тараулы суының жер астында тоқайласар жері осы Тосын құмы болса керек.
Басты салалары Қараторғай, Қөрторғай, Сарторғай, Жалдама, Өлкейік, Қайыңды, Ырғыз, Өлкейік-Қабырға. Торғай өзені Ақтөбе облысы жерін де қамти-ды. Торғай аймағына қараған өзендер:
Еспе, Білеуті, Бұланты, Жы-мытқы, Қарғалы, Қайдауыл, Жы-ланшық, Торғай, Қараторғай, Сарыторғай, Көрторғай, Жалда-ма, Қарынсалды, Қабырға, Мұ-қыр, Сары, Қоңыраулы, Мойыл-ды, Дәмді, Өлкейік – Қабырға, Теке, Қарт, Наурызым, Қарас, Данабике.
Осы аймақтың тұщы сулы көлдері:
Доңыз көл, Құртты көл, Қар-сақ қырған, Қасқа қопа, Тұр-сынбай қопа, Қос-ақкөл, Қосқо-па, Сарықұрақ, Досан қопа, Мырзалы, Сары айғыр, Алтыбай, Обалы, Оннан, Кіндікті, Үшбала, Бессорлық, Бозшакөл, Жаман-құм, Ақкөл, Сарықопа, Қарақұм-дағы Шошқалы, Баймұрат, Өте-міс, Саумал, Жолшора, Алакөл, Байтума, Зәуре, Жарбидайық, Жорғакөл, Үшбала, Ақай, Астау-көл, Ұзынкөл, Сарыбай, Сарының Алакөлі, Бозатан, Көлқамыс, Сор, Шұқыр, Түкібай, Ақкөң, Шиқа-мыс.
Торғай аймағының жер, су атаулары өте көп. Ол үнемі зерттеуді, ізденісті талап етеді.