Партия кубогі

«Nur Otan» партиясының Арқалық қалалық филиалы Халықаралық балалар күніне орай аула клубтары арасында Партия кубогі үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Турнирдің салтанатты ашылуына «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет пен Арқалық қалалық мәслихатының депутаты Абыл Ерденов қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Екі күнге созылған аяқдоп додасына 8 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды «Халық банкі» командасы, екінші орынды «Алладин» командасы», бірінші орын және «Nur Otan» партиясының кубогін Б.Майлин атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының «Жаңалықтар» командасы жеңіп алды. Командаларға медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылар жастардың бірлігін нығайтуды мақсат еткен осындай спорттық шараларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғанын айтады. Сондай-ақ, турнирге демеушілік жасаған халық қалаулысы Абыл Өмірбекұлына алғыстарын білдіреді.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓