“Агробизнес – 2020”
Таран. «Агробизнес – 2020» мемлекеттік салалық бағдарлама аясындағы «Ырыс» бағдарламасы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2014-2015 жылдары 1,6 млрд. теңгеге 46 жобаға көмек көрсетті. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,100 ІҚМ басы бар кішігірім сүтті-тауарлы ферма аудандағы «Қалиев» шаруа қожалығында іске асады деп күтілуде. Шаруа қожалығы қордан 45,7 млн теңге көлемінде несие алып, 129 симментал тұқымды сиыр мен шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.