“Тобыл” келесі кезеңге өте алмады

Қазақстан Кубогінің 1/8 финалында «Тобол» «Қызыл-Жар СК» клубын қабылдады.  Ойын «Затоболец» алаңында өтті.  Дмитрий Огай осы ойынға Нұртас Кургулин, Евгений Левинді қосыпты. Сондай-ақ, команданы Александр Петухов алаңға бастап шықты.xc035zuKwgw
Төреші Болат Сәриевтің  ысқырығы естілісімен, Евгений Аверченко, Әли Әлиев сынды тәжірибелі орындаушылары бар қызылжарлықтар шабуылға ден қойды. Содан кейін «Тоболдың» қарымта шабуылдарының бірінде Рақымжан Розыбакиевтің көтерген пасын Рауль Джалилов қақпаға бағыттаған, дегенмен, оның баспен ұрған добы бағанадан биік кетті. 16-минутта литвалық легионер Артурас Жулпа да тәжірибелі Роман Нестеренко қорғаған қақпаға қауіпті соққы жасады.  Гол соғатын келесі мүмкіндік «Қызыл-Жар Ск» футболшысы Халид Хичриде болды. Ол бұрыштан келген допты қақпадан сәл қиыс ұрды.nNEQtFxXbR8
Георгий Макаев қостанайлық қорғаушыларды алдап өтіп, соққы бағыттады. Дегенмен, Петухов тура келген допты тырп еткізбей, ұстап алды. Отызыншы минутта қызылжарлық Божко Ступич қарсыласы Артурас Жулпаны шалып жыққан. Қостанайлықтар допты бірден ойынға қосты, өз кезегінде Сергей Яворский алыстан тепті. Тағы да сәтсіз. Бірінші тайм соңына таман Константин Дудченко 2A3X6TaoC0Uқақпашымен жеке дара шығып, допты Роман Нестеренкодан асырып жібермекші болды. Бірақ, қорғаушылар дер кезінде қауіптің бетін қайтарды. Осылайша мүмкіндік мүлт кетті.
Екінші таймда Алассан Ндиайенің орнына Чиприан Дяк шықты. Елуінші минутқа таяу Тимур Досмағамбетов екі бірдей айып соққысын орындады. Ары қарай кездесу өзгеріссіз, бір сарында сырғи берді. Тура 66-шы минутта сол қапталдан румын Дяктің берген пасын Константин Дудченко тағы пайдалана алмады. Іле-шала К.Дудченконың бірінші таймда жасаған қателігін Чиприан Дяк та қайталады. 72-ші минутта тобылдық Н.Кургулин матчтағы бірінші сары қағазға «ие болды». AH9KiRfTHukСодан кейін Дмитрий Огай Нұртас Кургулиннің орнына Сергей Хижниченконы жіберді. Сексенінші минутта «Тобыл» үш бірдей қауіпті шабуыл жасады. Оның екеуінде қақпашы Роман Нестеренко командасын голдан аман сақтап қалса, енді бірде қорғаушы Х.Хичри жылдамдық танытып, допты бос қақпадан алып шықты. Ойынның негізгі уақыты аяқталғанша «Тобыл» футболшылары шабуылдаумен болды.  
Сонымен, екі құрама тоқсан минут бойы тең ойнады. Аз-кем үзілістен соң матч экстра-тайм арқылы жалғасын тапты. «Тобыл» сапында өзгеріс орын алып, жарақат алған А.Жулпаның орнына А.Мухутдинов шықты.Сол қапталдан Рауль Джалилов ұсынған пасты Тимур Досмағамбетов қақпа маңынан теуіп, аутқа жіберді. Иә, «Тобыл» ойыншщысына сәттілік жетіспеген сыңайлы. Алғашқы он бес минуттықтың аяғында Альмир Мухутдинов те тура соққы бағыттады. Тағы да нәтижесіз… Қосымша таймның екінші бөлігі де "Тобылдың" басымдығымен өтті.
Матч тағдыры футбол лотереясы – пенальтиде шешілді. "Тобыл" сапынан Денис Главина, Сергей Хижниченко мүлт кетпесе, "Қызыл-Жар СК" клубынан Сергей Струков, Алмас Сапарғалиев, Евгений Аверченко, Александр Соколенколар он бір метрден қақпа торын тулатты. Ал "Тобыл" футболшысы Сергей Яворский қақпадан қиыс тепсе, Константин Дудченконың соққысын қайтарған Роман Нестеренко командасына жеңіс әкелді.  -z454AEoIQo
 
F6s-RAgz--c
lROM-IafIuE
V9ZFr2hx-BMСөйтіп, "Затоболецте" аздаған сенсация тіркелді. "Тобыл" келесі айналымға өтпей қалды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓