Облыс – көшбасшы!
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысын әлеуметтік-экономикалық дамудың озық қарқынын қамтамасыз етуші өңір деп атап көрсетті.
Үкімет отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 19,8%-ке, оның ішінде өңдеу саласының өсімі 26,4%-ке жеткенін атап өтті. Осындай елеулі өсім машина жасауда өндірістің 2,5 есе, металлургияның 29% -ке, тамақ өнімдерінің 14% -ке өсуіне мүмкіндік берді.
-Жылына 50 мың дана автокөлік шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл 2019 жылдан екі есе жоғары. Сонымен қатар, сүт өнімдерін өндіру көлемінің 6%-ке және өсімдік майын өндіру көлемінің 2% -ке артуын күтеміз. Тау-кен өндіру саласында темір кен өнімдерін өндіруді 11%-ға арттыру жоспарлануда, – деді Архимед Мұхамбетов.
Әлібек ЫБЫРАЙ