Қайырбек Өскенбаев,  ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: «Жерді саудалау ең алдымен қарапайым шаруаларға тиімді болмақ»

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев бастаған Үкімет мүшелері бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірімізге келді. Аймақтық әкімдікте Вице-министрдің қатысуымен жер қатынастары саласында индустриаландыру және экономикалық өсуі қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану үшін жерді аукцион арқылы сату жолымен жеке меншікке беру механизмін енгізу жөніндегі шараларды қабылдау жөнінде жиын өтті.IMG_4315
– Қазіргі күнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 98,6 млн. га (98,8 %) ұзақ мерзімді жолдауда және тек 1,2% жеке меншікте. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік бос жерлер нарықтық айналымға енгізілмей қалып отыр. Осы қадамдарды жүзеге асыру әр түрлі факторлармен негізделеді. Осы реформаларды қабылдау факторларының бірі – 2012-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыл шаруашылығы алқаптары алаңы 91,7 млн.га жүргізілген жаппай түгендеу нәтижелері болып табылады. Аталған түгендеу барысында пайдаланылмай жатқан көп жер учаскелері (19,2 мың жер учаскелері алаңы 7,4 млн.га) анықталды, – деді Қайырбек Өскенбаев.IMG_4317
Сонымен бірге, министрдің орынбасары топырақтың құнарлығы дәрежесінің нақты төмендегені анықталды. Жасалған есептеулер бойынша, осы үдеріс сақталса, 50-60 жылдан кейін егістік жерлердің көп бөлігін нақты жоғалту қаупі туып отырғанын да айтты. Яғни, бұл жағдай тиісті зерделеуді және жүйелі шаралар қабылдауды қажет етпек.IMG_4332
7,4 млн.га пайдаланылмай жатқан жердің қазіргі кезде мемлекетке – 3,0 млн. га қайтарылған, 1,1 млн.га жер – проблемалық жағдайда, оларды алып қою өте қиын, себебі ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған.
Сонымен, мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жеке меншікке аукцион арқылы келесі ретпен жүзеге асырылады.IMG_4278
Бірінші кезекте – аукцион арқылы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын көтеру жолымен. Егер екі аукцион нәтижесінде, жер учаскесі сатылмаса, ол участоктың белгіленген кадастрлық құнының ең төмен шегіне (кадастрлық құнының 50 % ) дейін төмендетуді қарастыратын аукционға шығарылатын болады.
– Екіншіден, жалға берілген жер учаскелерін сатып алуға жеңілдік шарттарды беру. Аталған норма қазіргі жер пайдаланушылардың мүдделерін ескереді және оларға бұрын берілген ауыл шаруышылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталуға дейін, оның кадастрлық құнының 50% жеңілдік бағасы бойынша, оның төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзарту арқылы сатып алу құқығы беріледі, – деді Вице-министр.
Үшіншіден, жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алу көзделіпті. Аталған норма жер пайдаланушыларға жалға беру құқығымен құқықтық мәлімелер жасауға, атап айтқанда, банкке салуға, жалға беру мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Қайырбек өскенбаев облыстардың әкімдіктеріне жерді жеке меншікке сатып алуды қарастыратын жалға алушылардың тізімін жасау және аукциондарда сату үшін жер учаскелерінің тізімін бекітумен, тиісті қаржы бөлумен байланысты дайындық іс-шараларын жүргізу міндеттері жүктеді.
Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓