Ауыл клубы жаңғыртылды

Таран ауданы Нагорное ауылында үлкен той. Жергілікті «Викторовское» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен елді мекендегі жалғыз мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Маржан Салмағамбетова тұрғындарды қуанышымен құттықтап, жаңа клуб ауыл жастарының өнер мен спорттағы жетістіктерін еселей түсетіндігіне сенім білдірді. Облыс пен ауданның 80 жылдығы аясында «Көркейе бер, Қостанай!» акциясына қомақты үлес қосып, ауылдық округтегі мәдениеттің дамуына 30 миллион теңге бөлген серіктестік директоры Иван Куликке ризашылығын білдіріп, мерекелік лентаны кесті.IMG_9239Бүгінде іші-сырты заман талабына сай әрленген жаңа ғимаратта түрлі рухани кештер мен шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалған. Клуб жанында жастарды өнер мен әдебиетке баулитын түрлі үйірмелер, 80 орындық көрермен залы мен кітапхана жұмыс істеп тұр. Ал ауласында мини-футбол, волейбол алаңдары ашылып, орындықтар қойылды.
Калинин ауылдық округінің әкімі Марат Шоңғаловтың айтуынша, жергілікті шаруа қожалықтары да акцияға атсалысып, 600 мың теңгеге клубтың сахнасын жасақтап берген.IMG_9227– Биыл біздің ауыл үшін қуанышты сәттермен есте қалмақ. Себебі Нагорноедан бөлек Береговое ауылының орталық мәдениет үйі де толық жөндеуден өтуде. Бүгінде ғимараттың әрлеу жұмыстары аяқталып, жылу мен жарық жүргізіліп жатыр. Оны ауыл шаруашылығы күніне орай халықтың игілігіне беруді жоспарлап отырмыз, – дейді Марат Бақытұлы.
Мерекелік шара барысында футбол, волейбол, қол күресі мен арқан тартудан жарыстар өтіп, аудан мен ауылдың ең үздік шығармашылық ұжымдары жиналған жұртты ән мен күйге бөледі. Сондай-ақ бұл күні ауылдың гүлденуіне үлес қосып жүрген бір топ азамат мен сексеннің сеңгіріне шыққан еңбек ардагерлері ардақталды.IMG_9284Қазақта «Туған жерге туың тік!» деген тамаша тіркес бар. Туған ауылының тағдырына бей-жай қарамай, сөзімен емес, ісімен көпке үлгі болып жүрген іскер азаматтар қатары көбейе берсін дейміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓