Бозкілем бәсекесі

Сарыкөл ауданында талантты спортшы әрі жаттықтырушы болған Рашид Свановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін  күрестен облыстық турнир ұйымдастырылды.IMG_5164
Бозкілем бәсекесінде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Қостанай, Рудный қалалары мен Ғ.Мүсірепов (СҚО), Қостанай, Денисов, Қарасу, Қамысты, Наурызым және Сарыкөл аудандарының спортшылары бақ сынады.   
Алдымен, турнир ҚР Әнұранымен ашылды. Сосын аудандық спорт бөлімінің басшысы Серік Мусин қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, халықаралық жарыстардың спорт шебері Игорь Заднепрянный сөз алып, еркін күрестен әйелдер арасында ҚР үш дүркін жеңімпазы, халықаралық турнирлердің жүлдегері, сарыкөлдік Лаура Әлмағанбетоваға спорттағы жоғары жетістіктері үшін аудан әкімінің бағалы сыйлығын табыстады.  IMG_5234
Жалпы, Рашид Сванов – бала күннен спортты жанына серік еткен жан. Аумалы-төкпелі заманда да спорттан бір елі ажырамады. Футбол мен шахматтан үйірмелер ашты. Ардагерлер футбол командасының мүшесі болды, ал шахмат бойынша облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанып, аудан абыройын асқақтатты.IMG_5225
 
IMG_5312Мінекей, Рашид Қасымұлын еске алуға арналған турнир тартысқа толы өтті. Әсіресе, боз кілемде белдескен палуандар өзара мықтыларды анықтап, жүлделерді бөлісті.IMG_5406
 
IMG_5548Қорытындысында, қыздар арасында А.Зыкова мен Л.Әлмағанбетова (Сарыкөл ауданы), Д.Лешова мен А.Аптрокиева (Денисов ауданы), К.Мальцева, А.Қанатұлы (СҚО) және  М.Фирсовалар (Қарасу ауданы) жеңімпаз атанды. Ал, ұлдар ішінен іріктеліп шығып, А.Ғабдулин, Б.Мусин, А.Дүйсенов, А.Есімғали  (Сарыкөл), В.Ягин (СҚО), Б.Қазыхан, О.Ақылжан (Қамысты), М.Әкімбаев, А.Жүсіпбеков ((Бішкек), Н.Қасым, Б.Қалымжанов (Наурызым), Б.Жангелдин (Рудный) және А.Тұрлыбековтер (Қостанай) биіктен көрінді.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓