Тағы да топ жарды
Белоруссия мемлекетінің Витебск қаласында гір көтеру спортынан ардагер-спортшылар арасында екінші дүниежүзілік олимпиада өтті.
Байрақты бәсекеге, Қазақстан, Өзбекстан, Беларуссия, Украина, Латвия, Германия, Польша, Венгрия мемлекеттерінен келген 400- ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Осы сайыста 74 жастағы қостанайлық Александр Чебаный үздіктер қатарынан көрінді.
Әлем мықтылары сынға түскен аталмыш сайыста Тобыл өңірінің тұрғыны Гиннес рекордтар кітабының "310 спартанец" айдары бойынша лауреат атанды.