Суриковтағы жағдай өзгеріссіз
Қостанай облысындағы су басқан ауыл әлі де қарғынның ортасында тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің хабарлауынша, Қостанай облысындағы Суриков елді мекенінде еріген қар суы тоқтаусыз сорылып жатыр. Тасқын суға қарсы жұмыстарға 66 адам мен 24 техника жұмылдырылған.
Өзен суы арнасынан асқан соң Қостанай облысының аумағындағы «Қостанай-Введен» күре жолында (69-97 шақырымдар) жол қозғалысы түгел шектелген.
Жалпы, Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Қостанай облысында 20 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 10 үй су астында қалған.