Сот орындаушы сотталды

Қостанай қаласындағы №2 сотта жемқорлыққа жол берген сот орындаушы К. жазаға тартылды.Істі сотқа жеткізбей аяқтады
Осы жылдың 4-наурызында сағат 11.00-де азамат М. сот орындаушы Б.-ға ҚР аумағынан шығуға салынған тыйымды алып тастауды өтініп, тиісті қарыздарын өтеп болғандығын айтып жүгінген. Алайда ол шаруасының үш күн ішінде шешілетінін естиді. Бұл жағдайды ұтымды пайдаланғысы келген екінші бір сот орындаушы К. М.-ға хабарласып, егер он мың теңге ақша берсе, бұл жұмысты бір-ақ күнде біржақты ететінін жеткізеді. Дегенмен М. оған қарсы жемқорлыққа қарсы қызметке жазбаша түрде арыз жазуды жөн көреді. 
Келесі күні сот орындаушы К. азамат М.-дан 10 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Сот үкімімен ол алған парасын 50 есе қылып, яғни 500 мың теңге етіп қайтарады. Сондай-ақ бүкіл мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен  шеттетіледі. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓