Қаржыландырудан қағажу қалмайды

Арқалық қаласында облыстық тиісті сала басшыларының қатысуымен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған келелі кеңес өтті. Кеңесті қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбішев жүргізіп отырды.IMG_1831
Жергілікті кәсіпкерлер, ауыл және ауылдық округтер әкімдері алдында облыстық "Кәсіпкерлік және индустриялдық – инновациялық даму басқармасы" ММ басшысы Мейрам Соқытбаев, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ директоры Марат Салықбаевтар бастаған арнайы мамандар қаржыландыру жағдайының жай – жапсарын тәтпіштеп түсіндіріп берді.IMG_1835
– Біз бұл қадамға облыс әкімінің шалғай елдімекендерді өркендету жөніндегі тапсырмасына сай барып отырмыз. Қаржылық дағдарысқа қарамастан Торғай өңіріне тарихта бұрын – соңды болмаған мол қаржы бөлінуде. Ендігі мақсат – осы қаржыны тиісінше қажетті жеріне жұмсау яғни, белгілі бір кәсіпті игеруге жарату.
Атап айтқанда биылғы жылы Арқалық қаласына бір ғана «Даму – Блиц» бағдарламасы арқылы 80 млн. теңге несие қарастырылып отыр. Пайыздық мөлшерлемесі төмендетілген несие екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Қаражатқа қол жеткізгісі келгендер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдіктерінің сондай – ақ, кәсіпкерлік бөлімдерінің көмегіне жүгіне алады, – дейді Мейрам Аманжолұлы.IMG_1834
Мамандардың айтуынша пилоттық жоба еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларында өткен жылы ғана қолданысқа енген көрінеді. Тың бастама нәтижелі болып жатса, алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ.
 
Мұрат Жүнісұлы,
 
рқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓