СЕНБІЛІККЕ КЕНШІЛЕР ДЕ АТСАЛЫСУДА

Облыс бойынша мықтап қолға алынып жатқан сенбілік жұмыстарына кен алабының жұмыскерлері де бейжай қарамай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, игілікті шараға атсалысып жатыр.Изображение 022
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, «ССКӨБ» АҚ Сарыбай кен басқармасының ұжымы көктемгі тазалық жұмыстарына бар ынтасымен кірісіп кеткен. Олар аумақтағы жасыл желекті қалдық жапырақтардан тазарту, жол жиегіндегі құмды алу, ағаш бұтақтарын кесу, бордюрлерді әктеу және басқа да көптеген абаттандыру және тазалық жұмыстарын ойдағыдай атқарып жатыр.Изображение 121
-Басқармамен қоса Сарыбай және Соколов кеніштерінде сенбіліктерді өз деңгейінде өткізу маңызды. Себебі қыс жауын-шашын мен қарға толы болды. Оның астында қалған қоқыстардың барлығын тазартпасақ, жұмыскерлердің қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін, – дейді «ССКӨБ» АҚ Сарыбай кен басқармасы директорының орынбасары Шаттық Әбдіқалықов.Изображение 119
Жөндеу-механикалық зауытының ұжымы да әріптестерінен қалар емес. Мұндағы тазарту жұмыстарына 100-ге жуық адам мен арнайы техникалар жұмылдырылыпты. Бұл тек бастамасы ғана дейді зауыт директоры Фархад Шакасымов. Себебі сенбіліктің соңы ағаш отырғызу жұмыстарымен жалғаспақ. Ол үшін 50 пирамидалық терек пен 10 қызыл жидекті бұтаққа тапсырыс берілген.Изображение 044
-Бұл ағаштарды отырғызу арқылы аумақтың ауасын тазартып, жұмыскерлердің түскі үзілісте демалып, тынығуларына жағдай жасаймыз. Сырттан келген қонақтарға да айнала жып-жинақы, жап-жасыл болып тұрған керемет емес пе, – дейді ол.Изображение 167
Айта кетерлігі, кәсіпорын бойынша жаппай сенбіліктер өткен аптаның соңында басталды. Оған бірлестіктің қарапайым жұмыскерінен бастап бірінші басшыларға дейін атсалысады деп жоспарлануда. 
 
Қуаныш Есқабыл,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓