Жаңа жүйедегі жеңілдіктер
Елімізде санитарлық-эпидемиологиялық аудит деп аталатын жаңа қызмет жүйесі іске қосылды. Бұған дейін шағын және орта бизнес нысандарындағы санитарлық жағдайды тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қадағалап келген болатын. Жаңа жүйе бойынша санитарлық сараптама жүргізу мерзімін кәсіпкерлер өздері таңдай алады. Бұл туралы Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде өткен брефингте айтылды.
Брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Владимир Нечитайло ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 804 бұйрығының, «Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің негізгі талаптарына тоқталды. «ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының директоры Сәуле Құрамысова Қостанай облысы Ұлттық сараптама орталығының мәселелері туралы айтып берді.
Шаруашылық субъектілерге әкімшілік қысым жасауды төмендету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық аудит қызметі енгізілді. Жаңа жүйе арқылы кәсіпкерлер заңбұзушылыққа қатысты тексеру уақытын өздері белгілейді. Бұл қызмет түрі ақылы түрде жүргізіледі. Егер бизнес нысанда санитарлық ережелер сақталып, кемшіліктер анықталмаса қортынды құжат жасалады. Бұл құжат нысанда санитарлық ережелердің сақталғандығын растайды. Аудиторлық есепті алған жеке кәсіпкер тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне барып, кезекті тексерістен босату туралы өтініш жазады. Биылғы жылдың бірніші жартыжылдығында облыста мұндай құжат бес бизнес нысанға берілген.
– Санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен кәсіпкерлік нысандар ғана емес, мемлекеттік мекемелер де өте алады. Қортынды әр жарты жыл сайын жасалады. Санитарлық-эпидемиологияылқ аудит есебін алған бизнес нысан жоспарлы тексеріс графигінен босатылады. Жаңа жүйе қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні анық,-деді Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Владимир Нечитайло.

Қымбат ДОСЖАНОВА