Сотқа жаңашылдық енгізілуде

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты биылдан бастап «Төрелік» ақпараттық жүйесіне толықтай көшкен. сотМұндай жаңашылдық Елбасының «Ұлт Жоспары» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы аталған соттың төрағасы Ерлік Сералин жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылаған баспасөз жиынында баяндады:
– Әзірге электрондық үкімет порталы арқылы арыз түскен жоқ. Алайда «100 қадам» бағдарламасы аясында соттардың қызметін, кәсібилігін, қолжетімділігін, әділдігін және тәуелсіз болуын одан сайын арттыра береді деп сенеміз. Мұндағы маңызды қадам – сот төрелігі үш деңгейлі жүйеге көшеді және біліктіліг жоғары судьялар корпусы жасақталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асыру мақсатында ҚР Судьялар Одағының Орталық кеңесі алдағы маусым айында елордада кезектен тыс VІІ Судьялар кеңесінің құрылтайын өткізбек.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓