Ұрлық үш минутта әшкереленді

Қостанай қаласында ойын автоматын ұрлаған қылмыскерлерді жергілікті тәртіп сақшылары үш минутта құрықтаған.Старший сержант Нурлан ИМАНБАЕВ и сержант Олжас ТАЙЖАНОВ раскрыли кражу банкомата18 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында полиция қызметкерлері ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Арыз бойынша, әл-Фараби көшесіндегі азық-түлік дүкеніндегі банкоматты белгісіз үш азамат көлікке тиеп, алып кеткен. Оқиғаға куәгер болған азамат тез арада полицияға хабарласады. Ол ұрлықшылардың «Ауди» маркалы көлікпен қашқанын айтып берген. Тәртіп сақшылары дереу сол шағын ауданды сүзуге кіріседі. Ізкесушілер темір жол вокзалының маңындағы Темірбаев көшесінде көпқабатты үйге қарай жалма-жан қашып, кіріп бара жатқан екі жігітті байқайды. Тәртіп сақшылары күдікті болған екі азаматты сол мезетте ұстаған. Күмәнді кінәсін мойындап, ойын автоматын жасырған жерін де айтып беріпті.
Қылмыскердің үшеуі де қолға түсті. Олар ұрланған затты Қостанай-2 ықшам ауданына әкетпекші болған. Алайда, соңдарына полиция түскенін байқаған олар кідіріс жасай тұруды ұйғарыпты. Ұрланған зат қалалық ауруханаға қарсы көшеден табылды. Автоматтағы қомақты қаржыны алып үлгермепті, тек сырты ғана майысқан. Тезірек олжаға кенелуді көздесе керек. Алайда полицейлер "кедергі" келтіріп, екеуі көліктерін көрші аулаға қалдырып қаша жөнеледі, үшініші қылмыскер сол жердегі әлдебір «Мазда» көлігінің ішіне жасырынған. Оқиға үстінен түскен полиция сержанттары Н. Иманбаев пен О. Тайжанов жедел тергеу тобын шақырып, ұрлықшылардың кім екенін анықтайды. Тергеу жұмыстары бойынша 22 мен 21 жастағы Қостанай қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Бұрындары түрлі бұзақылықтармен полиция бөлімшелерінде тіркелген.  
Аға сержант Иманбаевтың айтуынша, бұл – дүкенде болған екінші ұрлық. Осы ойын автоматын қылмыскерлер бұрындары да ұрламақ болған екен. Дүкен қожайыны мүлкіне немкеттілеу қарайтын жан болса керек: әлі дабыл қаққыш орнатпаған, есігін де дұрыс бекітпеген.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓