Жеңістерін көмекке мұқтаж жандармен бөлісті

ҚР ІІМ министрінің кубогы үшін өткен турнирдің жеңімпаздары өз жүлделерін СҚО-дағы су басудан жапа шеккен отбасылардың балаларына берді. Бұл туралы аймақтық полицейлер баспасөз қызметі хабарлайды.Сборная ДВД Костанайской области по волейболу Динамо
Естеріңізде болса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған турнир Петропавл қаласында өткен еді. Волейбол алаңында Қостанай, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары кездесті.
Екі күнге созылған бәсекеде Қостанай облысының спортшыларының айдарынан жел есіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Марапаттау кезінде Тобыл өңірінің қолдопшылары СҚО ІІД-не алғыстарын айта отырып, өздеріне табыс етілген ұялы телефондарын сол облыстағы Тимирязев ауданына қарасты Степной ауылының су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына беруді ұйғарды.
-Біз Петропавлға келе жатқанымызда қызыл судың ортасында қалған сол ауылдың тұсынан өттік. Сондықтан бүгін алып отырған сыйлығымызды қиындыққа тап болған отбасылардың балаларына табыс ете отырып, аз да болса қамқорлығымызды сездіргіміз келеді,- деді «Динамо-Қостанай» командасының капитаны Владимир Щербаков.Тренер команды Игорь Нуржанов
Екінші және үшінші орынға ие болып, теледидарға қол жеткізген Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары да осындай шешім қабылдады.
Айта кетейік, бір соққыға артығырақ, бір секундқа жылдамырақ, епті ойыншы да таңдалды. Үздік деп қостанайлық Сергей Токарев танылып, команда мерейін өсірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓