Өрт өмір жалмады

Қарасу ауданында тұрғын үй өртеніп 65 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. пожаррОқыс оқиға 18-қарашада Қарасу ауданының Жаныспай ауылында болған.
«Сағат 21:54-те ТЖ бөліміне екі қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт аумағы 50 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенше, көршісі 65 жастағы зейнеткерді ауруханаға жеткізуге тырысты. Бірақ, ол жолда көз жұмды",- делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, зейнеткер ыстан уланған. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан соң анықталады.
Өрт сағат 00:03 шамасында сөндірілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓