Дәрі-дәрмекке сұраныс артты
Қостанай облысында вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттарға сұраныс барынша артқан. Бұл туралы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанова егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Жалпы, оның айтуынша, Қостанай облысында 281 дәріхана жұмыс істейді. Нақтысында, «Фармаком Импэкс», «Витайм», «Забота Company LTD», «Биосфера» ЖШС ірі дәріхана желілері, 100-ден астам дәріхана бар.
Күн сайын дәріханалардың дәрілік препараттарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуын қадағалау үшін мониторинг жүргізіледі екен. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне халық тарапынан дәрілердің тапшылығына қатысты шағымдар түспеген, бірақ дәріханалар менеджерлерінен вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар тобының дәрілік заттарына сұраныс артқаны туралы хабарламалар келген.
"Бүгінде қызу түсіретін препараттарға қатысты проблема жоқ. «Фармаком Импэкс», «Забота Company LTD», «Айболит» желілерінің дәріханаларында парацетамолдың 14 000 қаптамасы бар. Облыстың барлық дәріханаларында құрамында парацетамол бар препараттар жеткілікті. Ал вирусқа қарсы препараттарға қатысты жағдай анағұрлым өзекті. Бұл дистрибьюторларға жеткізу қызметтерінің тежелісіне байланысты туындайды. «Забота Company LTD», «Фармаком Импэкс», «Витайм» дәріханаларында «Гроприносин», «Римантадин», «Арпефлю», «Ингавирин» дәрілерінің 2000-нан астам қаптамасы бар", – дейді С.Ержанова.
Арқалық қаласында вирусқа қарсы және бактерияға қарсы дәрілік препараттарының тапшылығы алғашында сезілгенімен, бүгінде бұл мәселе шешімін тапқан – «Цветная» ЖШС дәріханасында мұндай препараттардың жеткілікті қоры сақталып отыр. Облыстың басқа өңірлерінде де мұндай мәселелер аса ушықтаған.
"Мен біздің азаматтарымызды дүрбелеңге саынбауға, дәрі-дәрмектерді жапа-тармағай сатып алмауға шақырғым келеді. Бұл дұрыс емес. Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдау адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша сатып алған жөн және оларды емдеу курсына сәйкес қабылдау қажет", – деп кеңес берді С.Ержанова.